Ақмола облысында Көкшетау – Зеренді тасжолының бір бөлігінде жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоба аясында жолдың ені 7 метрден 11 метрге дейін кеңейеді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң үш жолақты қозғалыс жүйесі іске қосылып, оның бір жолағы реверсивті болады. Бұл жол апаттарының алдын алуға мүмкіндік бермек. Әсіресе, жазда қозғалыс артқан кезде туристер мен жергілікті тұрғындар үшін бұл жол ыңғайлы әрі қауіпсіз болмақ.
depositphotos
"Жазғы уақытта Зеренді курорттық аймағына баратын көлік саны артатыны сөзсіз. Жөндеу жұмыстары 47 шақырымды қамтиды. Қазір жоба аясындағы жұмыстар белгіленген кестеге сай жүріп жатыр", – деді вице-министр Мақсат Қалиақпаров.
Реверсивті жол – тәулік уақытына немесе кептелістерге байланысты қозғалыс бағыты өзгеруі мүмкін жол немесе жолдағы бөлек жолақ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова