Қазақстанда 8 қазаннан бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең кезеңімен іске қосу процесі басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" сайтына сілтеме жасап.
"Бұл жол учаскелерінде ақы алу жүйесін енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті", - делінген хабарламада.
8 қазаннан бастап "Павлодар-Семей-Қалбатау" күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды.
Алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады, яғни:
Сонымен қатар, "Орал-Саратов" жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр.
Жеңіл көліктер төлемнен босатылған. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді.
"Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады. Абоненттік төлем туралы толығырақ ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!