Қазақстандағы суицидтің басты себептері айтылды

Биыл ресми статистика бойынша, Қазақстанда 2,2 мың адам суицид жасаған. Бұл былтырмен салыстырғанда 6,1 пайызға төмен, - деп хабарлайды ranking.kz

Басылым мәліметінше, олардың көбі өз-өзіне сау күйінде қол жұмсаған. 409 адам мас күйде суицид жасаса, 5 адам есірткіге мас күйінде, бір адам уытқұмарлық масаң күйде және 57 адам психиканың басқа ауыр жағдайында өзіне қол жұмсаған. 

Статистика бойынша, ер адамдар арасында суицид жасау 4,8 пайызға, ал әйелдер арасында 12,3 пайызға азайған. Кәмелетке толмағандар арасында өзіне қол жұмсағандар саны 31,3 пайызға азайған. Олардың ішінде, 63 бала толыққанды отбасынан шықса, 15-і жартылай жетім, ал бір бала жетім болған.  

Аймақ бойынша, суицид жасағандар саны Алматы облысында көп болып шықты: кейінгі жеті айда 222 суицид тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 15,6 пайызға аз. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысында 211 жағдай және Түркістан облысында 195 жағдай тіркелген.  

Өзіне қол жұмсау дерегінің көбі тұрғын үйде болған. Одан бөлек, 192 суицид көшеде жасалған. 21 жағдай жұмыс орнында тіркелсе, тағы 21 суицид емдеу мекемелерінде болған. Сонымен қатар, 21 суицид жертөледе жасалған.  

Суицидтің себебі белгісіз жағдайлар да бар. Көбіне материалдық жағдайы қиын адамдар (93 жағдай), жалғыз қалған адамдар (72 жағдай), ауыр соматикалық ауруы бар адамдар (39 жағдай), отбасының екі бөлінуі (31 жағдай) себеп болған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!