- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандағы скрининг. Нашақорлар...
Қазақстандағы скрининг. Нашақорлар қалай анықталатыны белгілі болды
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері есірткі қолданатын қазақстандықтарды скрининг тексеруден қалай өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір бірнеше позиция бар. Ішкі істер министрлігі наркологиялық тестілеуге көбірек көңіл бөліп отырғанын түсінеміз. Белгілі бір санаттағы адамдар міндетті түрде наркологиялық тестілеуден өтуі керек"",-деді медицина ғылымдарының кандидаты, психиатр-нарколог дәрігер, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ақпараттық-талдау мониторинг орталығының басшысы Гүлмира Сәдуақасова.
Оның айтуынша, бүгінде норматив құжат бар - бұл медициналық тексеруді реттейтін Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы.
Бүгінгі таңда Қазақстанда есірткіге сынақтар төрт категория бойынша жүргізіледі:
- жұмысқа өтініш берген кезде;
- оқуға түскен кезде;
- жүргізуші куәлігін алуға өтініш берген кезде;
- қару қолдану құқығына.
Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі өкілдері бұл санатты кеңейтуді ұсынып отыр.
"Бұл санаттар әлі анықталған жоқ, олар медициналық тексеруден өтетін адамдар, әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері болады деп болжанды. Бұл санаттар белгіленген, бірақ әлі бекітілген жоқ, осы норманы бекіту үшін заңнаманы талдау процесі жүріп жатыр.
Біз кеңейтуге дайынбыз, бірақ бұл медициналық тексерулерді өткізудің құқықтық негізі болуы керек. Сондай-ақ, жұмысқа орналасқан адамдарды профилактикалық тексеруден өткізу ұсынылады. Нақтырақ әлі айта алмаймын. Бұл, мысалы, еңбек жағдайы қауіпті жұмысшылар болуы мүмкін", - деп түсіндірді сарапшы.
Оның айтуынша, қазақстандықтардың басым бөлігі есірткі заттарына кәсіби тексеруден өтеді.
"Қазір қызметкерлерде наркологиялық есепте тұрмайтыны туралы құжат бар. Бұл - басқа нәрсе", - деді Сәдуақасова.
Оның айтуынша, барлық қазақстандыққа сауалнама-тест түріндегі скринингтер жүргізілуі мүмкін.
Сарапшы пилот жоба Қазақстанда 2014-2015 жылдары іске қосылғанын айтты.
"Қазір медициналық көмекке жүгіну кезінде скрининг тексеруді енгізуді ұсынып отырмыз. Өтініш беру барысында адам сауалнама толтырады", - деді сарапшы.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында балаларға есірткі қолданудың алдын алу үшін міндетті әлеуметтік-психологиялық тестілеуді енгізу жоспарланып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек