Қазақстандағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдар тексеріледі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі прокуратура өкілдерімен бірлесіп, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға, оның ішінде Атырау-Астрахань жолына кешенді тексеру жүргізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Atpress.kz.

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын жүзеге асыру аясында проблемалық мәселелерді талқылаған. Жиын барысында автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту жұмыстарының барысы, нысандарды пайдалануға қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін тәуекелдер туралы сұрақтар көтерілген.

Превенция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғибат Құқатов Антикор республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға, оның ішінде Атырау-Астрахань жолдарына сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары және бюджет қаражатын жымқыру деректерінің алдын алу бойынша прокуратура, МСҚБ, МКД және ІМАД өкілдерімен бірлесіп кешенді тексеру жүргізуді жоспарлағанын хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!