Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 395,2 миллион теңге сомасына зейнетақы төленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, соның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 131,3 миллион теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 263,9 миллион теңге қарастырылған.
1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 миллион 538 мың адам.
"1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 157 843 теңге, соның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 103 931 теңге, базалық зейнетақы мөлшері - 53 912 теңге", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова