Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

2025 жылы республикалық бюджеттен 4 трлн 225 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 368,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 856,6 млрд теңге қарастырылған.

2025 жылдың қорытындысы бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 491 мың адам.

"2025 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 143 143 теңге, ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 549 теңге, базалық зейнетақы мөлшері - 47 594 теңге", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін алдағы үш жылда Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай өзгеретіні хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!