Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 44,3 миллиард теңге мөлшерінде зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 337,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 706,7 миллиард теңге жұмсалған.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 465 мың адам.

"2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 95 963 теңге, базалық зейнетақы 47 659 теңге болды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!