Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 237,2 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 389,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 848 миллиард теңге қарастырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
"2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 399 теңге болған, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 729 теңге, базалық зейнетақы – 42 670 теңге", - делінген хабарламада.
2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 372 мың адам.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!