Қазақстандағы “мафия“ балық экспортынан 80 миллиард теңге тапқан

Қазақстандағы “мафия“ балық экспортынан 80 миллиард теңге тапқан
Фото: depositphotos.com

Жетісу облысының табиғат қорғау прокуратурасы Еуропа елдеріне балық өнімдерін заңсыз әкетуге байланысты ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, балық шаруашылығы субъектілері 20-дан астам еншілес кәсіпорын құрып, олар арқылы балық өнімдерін шетелге экспорттаған.

Бұл ретте еншілес компанияларда бекітілген су қоймалары болмаған, балық аулауға квота болмаған және экспортқа рұқсат алмаған.

"Балық аулауға 270 тонна көлемінде шегі бар серіктестіктердің бірін мысалға алуға болады. Дегенмен, ол іс жүзінде 4 920 тонна балық экспорттады, бұл лимиттен 18 есе көп. Оның 2 096 тоннасы еншілес компаниялар арқылы экспортталған", - делінген хабарламада.
 
Уәкілетті органның қорытындысы бойынша 4 балық аулау субъектісі мен олардың еншілес компанияларының заңсыз әрекеттерінен келген шығын көлемі 80 миллиард теңгеден асқан.

Анықталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 234-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget