- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандағы жоғары оқу...
Қазақстандағы жоғары оқу орнының атауынан Назарбаевтың есімі алынып тасталады
Фото:
nuo.kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгереді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет қаулысына енгізілген өзгерістер жобасы "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжатқа сәйкес, оқу орны енді "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті" деп аталады.
Осылайша, университет атауынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін алынып тасталады.
Қаулының толық мәтінін мына сілтемеге өтіп, оқуға болады. Құжат 27 желтоқсанға дейін талқыланады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан