Қазақстандағы жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтылды

Қазақстандағы төрт пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның Даму банкі Tengrinews.kz сауалына берген жауапта, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 82 миллиард теңге болатыны хабарланған.

Жеке тұлғаларға отандық автокөліктерді сатып алуға несие берудің шарттары мынадай:

  • номинал пайыздық мөлшерлеме жылдық 4 пайыздан аспайды;
  • кредит мерзімі 7 жылдан аспайды, кредит валютасы - теңге, жеңіл автокөлік құны 15 миллион теңгеден аспайды.

Бағдарлама 2035 жылға дейін револьверлік негізде жұмыс істейтіні атап өтілді.

"2023 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша, екінші деңгейлі банктер отандық автоөндірушілерден көлік сатып алуға жалпы сомасы 88 миллиард 279 миллион теңгеге 17 мың 199 несие берді", - делінген хабарламада.

2023 жылы бес қазақстандық екінші деңгейлі банк автонесие берді.

Еске салайық, бұған дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы өзгеретіні белгілі болған еді. Енді ол автобустар сатып алу үшін өңірлерге несие беру бағдарламасы болмақ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!