2024 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең төмен жалақы төленетін қызмет түрлері анықталды, - деп хабарлайды Massagеt.kz тілшісі. Ұлттық статистика бюросының ресми берген жауабына сәйкес төмендегі мамандықтардың жалақысы төмен көрінеді.
Орташа есеппен ең төменгі жалақыны балық аулау және балық өсіру қызметін ұсынатын мамандар алады екен. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 134 621 теңге. Салыстырмалы түрде Қазақстандағы орташа айлық жалақы 382 279 теңгені құраса, ең жоғарғы орташа жалақы 1 317 158 теңгеге жеткен.
Орташа айлығы ең төмен қызметкерлер тізімінде 3-інші және соңғы орнынды мұғалімдер алып тұр. Нақтырақ, орташа айына 186 475 теңгені мектепке дейінгі білім беру қызметкерлері және 242 813 теңгені 1 деңгейлі бастауыш білім беру мамандары алады екен. Қызмекерлер өткен жылғы дерек бойынша бұған дейін орташа 162 901 теңге және 226 500 теңге алыпты. Өсім
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу бойынша қызметкерлер 4-інші орынды иеленіп отыр. 190 317 теңге алатын сала мамандары бұған дейін 185 205 теңгені қанағат тұтақан.
5-інші және 6-ыншы орындарды өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылықта көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мамандар 211 761 теңге ( 2023 жылы 223 362 теңге) мен ветеринариялық қызметкерлер 214 335 теңгемен ( 2023 жылы 228 234 теңге) бөлісіп отыр.
7-інші орында әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мамандар 228 050 теңге (2023 жылы 220 129 теңге) жалақысымен, 8-інші орында денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтерді ұсынатын қызметкерлер 229 664 теңгемен (2023 жылы 279 097 теңге), 9-ыншы орынды жалпыға қызмет көрсету шегіндегі пошта мамандары 233 086 теңге (2023 жылы 219 962 теңге) алып отыр.