Қазақстандағы халық саны туралы мәлімет жаңарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан халқының саны 20 387 811 адамға жеткен. Шілдедегі жағдай бойынша бір ай ішінде халық саны 17,1 мыңнан аса адамға өскен. 1 маусымда елде 20 370 672 адам тұрған.
Сондай-ақ, Қазақстан тұрғындарының көпшілігі қалада тұрады: 12 899 438 адам. Ауылдық жерлерде 7 488 373 адам тұрады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!