Қазақстандағы халық саны туралы дерек жаңарды

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы деректі жариялады. Мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 20 604 819 адам тұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 20 590 589 адам болған еді. Жыл басынан бергі жалпы өсім - 104 997.

Елдегі халық ең тығыз қоныстанған өңірлер - бұрынғыдай Алматы (2 379 793), Түркістан облысы (2 144 993).

Тұрғындарының саны миллионнан асатын қалалар мен облыстар:

  • Астана - 1 690 605 адам;
  • Алматы облысы - 1 614 234 адам;
  • Шымкент - 1 313 348 адам;
  • Жамбыл облысы - 1 211 705 адам;
  • Қарағанды облысы - 1 130 313 адам.

Елордада халық өсімінің ең жоғары қарқыны байқалады (3,14 пайыз). Бір ай ішінде еліміздің бас қаласында 8 мыңға жуық жаңа тұрғын тіркелген. 

Халық ең аз қоныстанған өңірлер:

  • Ұлытау облысы - 217 670 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 511 455 адам;
  • Абай облысы - 591 903 адам.

1 тамыздағы жағдай бойынша халықтың басым бөлігі (13 211 759 адам) қалаларда тұрады. Жыл басынан бері қала халқы 126 649 адамға көбейген. Ауылдарда 7 393 060 адам тұрады. Ауыл халқының саны 21 652 адамға азайған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз