Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы деректі жариялады. Мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 20 604 819 адам тұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 20 590 589 адам болған еді. Жыл басынан бергі жалпы өсім - 104 997.
Елдегі халық ең тығыз қоныстанған өңірлер - бұрынғыдай Алматы (2 379 793), Түркістан облысы (2 144 993).
Тұрғындарының саны миллионнан асатын қалалар мен облыстар:
- Астана - 1 690 605 адам;
- Алматы облысы - 1 614 234 адам;
- Шымкент - 1 313 348 адам;
- Жамбыл облысы - 1 211 705 адам;
- Қарағанды облысы - 1 130 313 адам.
Елордада халық өсімінің ең жоғары қарқыны байқалады (3,14 пайыз). Бір ай ішінде еліміздің бас қаласында 8 мыңға жуық жаңа тұрғын тіркелген.
Халық ең аз қоныстанған өңірлер:
- Ұлытау облысы - 217 670 адам;
- Солтүстік Қазақстан облысы - 511 455 адам;
- Абай облысы - 591 903 адам.
1 тамыздағы жағдай бойынша халықтың басым бөлігі (13 211 759 адам) қалаларда тұрады. Жыл басынан бері қала халқы 126 649 адамға көбейген. Ауылдарда 7 393 060 адам тұрады. Ауыл халқының саны 21 652 адамға азайған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова