Қазақстан Қарулы Күштеріндегі ең ұзын әскери қызметкер Ақтауда тұрады. Теңіз жаяу әскерлері бригадасының қатардағы сарбазы Денис Балюктің бойы 2 метр 8 сантиметр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол әскер тәртібіне енді ғана үйреніп, әскери істің қыр-сырын меңгеріп жатыр. Денис Балюк бір айдан кейін ғана ант береді. Жақында оған форма тігіліп, өлшемі 49 болатын аяқ киім берілген. Денис Балюктен ұзын әскери қызметкер теңіз жаяу әскерлері бригадасында, тіпті Қазақстанның бүкіл армиясында да табылмайды.
Әскерге шақыру жас алып үшін саналы қадам болды. Колледжді механизатор мамандығы бойынша бітірген соң әскер қатарына шақырылған. Қазір Денис 20 жаста.
"Қазіргі уақытта Теңіз бригадасына жас сарбаздар жиналып жатыр. Олардың арасында Денис те бар. Оның төсегі 2 метр 15 сантиметр, сондықтан орнына сияды. Оған арнайы жаңа форма тігілді. Аяқ киіміне қатысты мәселе туындады, 49-өлшем сирек кездеседі. Дегенмен, қажетті өлшемдегі аяқ киімді алдық. Біздің бөлімде ерекше жауынгерлер бар. Іріктеу 170 сантиметрден және одан жоғары", - жас сарбаздар батальоны командирінің орынбасары Алимардон Исрайлов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!