Қазақстандағы ең ұзын көпір мен тоннель қашан ашылады?

Қазақстандағы ең ұзын көпір мен тоннель қашан ашылады?

Үкімет баспасөз қызметі биыл автожол саласында бірнеше маңызды жобаны аяқтау көзделгенін хабарлады. Солардың бірі Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі (840 метр) пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі шілде айында пайдалануға беріледі.

"Тоннелдің ашылуы қыс мезгілінде жүргізушілерге кедергісіз жүруге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Екінші жоба — Алматы агломерациясы үшін транзиттік маңызы зор, ұзындығы 6 шақырымды құрайтын Шамалған стансасындағы автомобиль жол айрығы қыркүйек айында іске қосылады.

Үшіншісі — еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" дәлізімен байланыстыратын 262 шақырымдық "Мерке – Бурылбайтал" автожолы пайдалануға беріледі.

Төртінші. Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан 1,3 мың метрлік көпірдің құрылысын да биыл аяқтау жоспарланған. Жаз мезгілінде паром арқылы, қыс мезгілінде мұздың үстімен жүретін тұрғындар үшін көпірдің ашылуы қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етеді.

"Ол Шығыс Қазақстан облысындағы 4 ауданды бір бірімен байланыстырады. Бұл тарихи жоба 60 жылдан бері талқыланып келе жатқан еді. Ал қазір жоба Мемлекет басшысының тиісті шешімінің арқасында іске асырылып, жыл аяғына дейін халық иелігіне тапсырылатын болады", - деді Марат Қарабаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!