Қазақстандағы ең ірі екі CЭС кімнің меншігіне өтетіні белгілі болды

Қазақстандағы ең ірі екі CЭС кімнің меншігіне өтетіні белгілі болды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстандағы екі суэлектрстанция бірнеше жағдай бойынша Мемлекеттік меншіктен "Самұрық-Қазына" қорының меншігіне беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының оң салалық қорытындысын алған жағдайда, "Өскемен СЭС АЭС" ЖШС және "Шүлбі СЭС АЭС" қатысудың мемлекеттік үлестері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ акцияларына ақы төлеуге берілсін", - делінген қаулыда.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, сондай-ақ энергетика, Ұлттық экономика министрлігіне "Самұрық-Қазынамен" бірлесіп қаулыны іске асыру үшін қажет шараларды қабылдау тапсырылды.

Осыған байланысты Үкіметтің шешімдеріне бірнеше өзгерістер енгізу қажет болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина