Қазақстандағы ең мейірімді қала анықталды

Қазақстандағы ең мейірімді қала анықталды

"Жетінші арна" ұйымдастырған халықтық жобада Павлодар қаласы 48,8% дауыс жинап, «Ең мейірімді қала» аталымын жеңіп алды.

«Телекомпания «ЭРА» ЖШС маркетинг департаменті PR бөлімінің басшысы Әсел Оразбаеваның айтуынша, «Жақсылық жаса» жобасы Ұлттық еріктілер желісімен басталған.

“2015 жылы қыркүйек айында бастау алған жобаның мақсаты – еліміздегі сауапты істер атқарып жүрген нағыз жомарт азаматтарды таныту. Екі айдың ішінде мейірімді істер жайлы 309 өтініш түскен. Бұл өтініштердің ішінен «Жетінші арнаның» жанынан құрылған арнайы комиссия үздік жұмыстарды таңдап алды. Павлодар, Теміртау және Қостанай қалалары тең дәрежеде «Ең мейірімді қала» аталымына ұсынылды. Үш қалада 40-тан астам игі іс жасалған. Жеңімпазды қазақстандықтар www.delaidobro.kz сайтында республикалық дауыс беру арқылы таңдауы қажет болды. Бір аптаның ішінде 13-20 қараша аралығында 5900 адам дауыс берді”, – дейді Әсел Оразбаева.

Дереккөз: NUR.KZ

С. Ерсін