Қазақстандағы ең қымбат үйлерге "krisha.kz" шолу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірлерде сирек жағдайларды қоспағанда, ең қымбат және элиталық коттедждер 400 млн теңге төңірегінде, ауданы бойынша - ең үлкені 500 ш.м. Атырау, Қызылорда мен Таразда коттедждер құны сәулетіне қарай бағаланса, Орал, Қарағанды мен Ақтауда – ең алдымен үйдің орналасқан жері ескеріледі
Еліміздегі ең қымбат коттедж Алматы қаласында орналасқан және оның құны 5,8 млрд теңге.
ШЫМКЕНТ - 721 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ
Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі, империя стильінде салынған бұл зәулім үй 5-ші орында. Жалпы ауданы - 1000 шаршы метр. 3 автокөлікке арналған гараж, ванна бөлмесі мен демалыс бөлмесі бар одан өзге сауна, спорт зал, бассейн орналасқан. Үйдің екінші қабатында ас үй, қонақ бөлме, зал, кеңсе және үлкен зал бар. Үшінші қабатта 7 жатын бөлме.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ - 811 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ
Ақмола облысына тиесілі бұл үй 811 миллион теңге. Үйдің жалпы ауданы 819 шаршы метр болатын сегіз бөлмеден тұрады. Сырты және іші ағашпен безендірілген. Үлкен камин залы көрген адамды таң қалдырады. 35 соттық жері тас қоршаумен қоршалған. Сондай-ақ, қызметкерлерге арналған екі үй, монша кешені, сауналардың бірнеше түрі, бассейн, бильярд және спорт залы бар.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ 894 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ
Дәл осы сомаға Есік ауылынан су жаңа үй сатылымға шығарылды. Үйдің жалпы ауданы - 832 шаршы метр, ал учаскенің жалпы ауданы 100 соттық. Үй экологиялық таза ауданда орналасқан. Алаңда бассейн, монша, қысқы бақ, күзет үйі және қызмет көрсететін персоналдарға арналған жеке үй бар. Ландшафт дизайн жобасы арқылы жасалған зәулім үйдің барлық бұрыштарына өсімдіктер отырғызылған. Белсенді өмір салтын сақтау үшін аумақта балалар ойын алаңы мен футбол алаңы бар.
АСТАНА - 2,5 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ
Осы сомаға Есіл өзенінің жағалауындағы "Ақбұлақ" ауданында орналасқан жалпы ауданы 1,200 шаршы метрді құрайтын үйді сатып ала аласыз. Жердің жалпы ауданы - 120. Үйдің безендірілуі және оның жиһаздары классикалық стильде жасалған. Үйде әрқайсысының жеке шкафы мен жуынатын бөлмесі бар сондай-ақ, бес жатын бөлме, екі зал, жұмыс бөлмесі, ас үй, асхана және жазғы терраса бар. Жылдың кез-келген уақытында жүзуге болатын бассейн және сауна, сондай-ақ 7 автокөлік гаражы бар. Аумақ биік қоршаумен қоршалған, учаскеде ландшафты дизайн жасалынған, жеміс ағаштары мен қарағайлар отырғызылған.
АЛМАТЫ - 5,8 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ
Зәулім сарай Іле Алатауы тауының етегінде, Оспанов көшесінде орналасқан. Алып жатқан учаскенің жалпы аумағы-180. Жылжымайтын мүлік 900, 800 және 400 шаршы метрлік үш кірпіш үйден тұрады. Сонымен қатар, 340 шаршы метр ағаш үй бар. Сондай-ақ, жылжымайтын мүлікке жабдықталған жаттығу залы мен бассейні, монша кешені (1000 шаршы метр) және Банкет залы, жазғы ас үйі (250 шаршы метр) кіреді. Балалар, ойын және спорт алаңдары бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!