Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшері белгілі болды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақының мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дан кестеге сәйкес ай сайынғы ең жоғары төлем мөлшері шамамен 743 мың теңгені құрайды", - делінген ресми сауалға берген жауапта.

Сондай-ақ, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерінде белгіленіп, Қазақстандағы ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. 

"2023 жылы 4 151 салымшы жеке зейнетақы шоттарына ең жоғары 350 мың теңге сомасында 5 міндетті зейнетақы жарнасын аударды. Осылайша, 2023 жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге тең, яғни ОПВ 350 мың теңгені құрайды", - деп қорытындылады ведомство.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!