HeadHunter Қазақстан компаниясы жүргізген сауалнамаға сәйкес, 2015 жылы күзде шикізат өндірісі, кеңес беру, құрылыс және құқықтану салаларының мамандарына ең жоғары еңбекақы ұсынылған.
Сарапшылар 2015 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қарашасы аралығында жарияланған бос жұмыс орындарына талдау жүргізді. Осылайша олар қай сала мамандарына ең жоғары жалақының ұсынылатынын анықтады:
Шикізат өндірісі − 275 000 теңге (қазан 2015);
Кеңес беру − 187 000 теңге (қазан 2015);
Құрылыс − 150 000 теңге;
Құқықтану − 150 000 теңге (қараша 2015);
Өндіріс − 140 000 теңге (қыркүйек 2015).
Ең төмен жалақы мына сала мамандарына ұсынылған:
Әкімшілік қызмет − 80 000 теңге (қыркүйек – қазан 2015);
Қауіпсіздік − 85 000 теңге (қыркүйек, қараша 2015);
Ғылым, білім мамандықтары 90 000 теңге (қыркүйек 2015).
"Кейбір салада қыркүйек және қараша айларының аралығында бақылау жүргізу арқылы жалақының біртендеп өскенін байқадық. Мысалы, мына салаларда: ақпараттық технологиялар; бухгалтерия, басқарушылық есеп, кәсіпорын қаржысы; маркетинг; жарнама; PR; әкімшілік қызмет; банктер, инвестициялар, лизинг; қызметкерлерді басқару; тренингтер; ғылым, білім; сауда", − деп мәлімдеді eadHunter Қазақстан сарапшылары.
Дереккөз: tengrinews