Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын мамандықтар қандай?

Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын мамандықтар қандай?
Фото: mygazeta.com

HeadHunter Қазақстан компаниясы жүргізген сауалнамаға сәйкес, 2015 жылы күзде шикізат өндірісі, кеңес беру, құрылыс және құқықтану салаларының мамандарына ең жоғары еңбекақы ұсынылған.

Сарапшылар 2015 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қарашасы аралығында жарияланған бос жұмыс орындарына талдау жүргізді. Осылайша олар қай сала мамандарына ең жоғары жалақының ұсынылатынын анықтады:

Шикізат өндірісі − 275 000 теңге (қазан 2015);
Кеңес беру  187 000 теңге (қазан 2015);
Құрылыс  150 000 теңге;
Құқықтану − 150 000 теңге (қараша 2015);
Өндіріс  140 000 теңге (қыркүйек 2015).

Ең төмен жалақы мына сала мамандарына ұсынылған:

Әкімшілік қызмет  80 000 теңге (қыркүйек – қазан 2015);
Қауіпсіздік  85 000 теңге (қыркүйек, қараша 2015);
Ғылым, білім мамандықтары 90 000 теңге (қыркүйек 2015).

"Кейбір салада қыркүйек және қараша айларының аралығында бақылау жүргізу арқылы жалақының біртендеп өскенін байқадық. Мысалы, мына салаларда: ақпараттық технологиялар; бухгалтерия, басқарушылық есеп, кәсіпорын қаржысы; маркетинг; жарнама; PR; әкімшілік қызмет; банктер, инвестициялар, лизинг; қызметкерлерді басқару; тренингтер; ғылым, білім; сауда",  деп мәлімдеді eadHunter Қазақстан сарапшылары.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін