Қазақстандағы ең жас әкім кім және ол туралы не белгілі?

Қазақстандағы ең жас әкім кім және ол туралы не белгілі?
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінен

Қазақстандағы ең жас әкім 27 жаста. Сағынжан Тұрақбаев - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шебір ауылдық округінің әкімі. Ең жас әкім 2024 жылы сайланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жаспын деп еркелеуге болмайды. Барлық іске жауапкершілік керек. Ауыл тұрғындарының сенімі мен аманаты бар. Сондықтан бәріміз бірге жұмыла жұмыс істеп жатырмыз", - дейді Сағынжан Тұрақбаев "Қазақстан" телеарнасына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен алғаш рет ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр.

Сағынжан Тұрақбаев туралы не белгілі?

Әкім 2019 жылы Қазақ  Ұлттық  Аграрлық  университетіне оқуға түскен.

03.03.2020 - 01.06.2020 Жастар практикасы, Шебір ауылдық округі әкімінің аппараты

01.06.2020 - 26.07.2020 Бас маман, Шебір ауылдық  округі әкімінің аппараты, Шебір ауылы

27.07.2020 - 31.10.2023 Бас маман, Шебір ауылдық  округі әкімінің аппараты, Шебір ауылы

01.11.2023 - 12.03.2024 "Тұщықұдық ауылдық округі әкімі аппараты" ММ бас маманы, Тұщықұдық ауылы

18.03.2024 - бүгінгі күнге дейін  Шебір ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget