Қазақстандағы ең бойшаң полицей қайда тұратыны анықталды

Қазақстандағы ең бойшаң полицей қайда тұратыны анықталды

Қазақстандағы ең бойшаң полицей қайда тұратыны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Дәмір Сыздықовтың бойы 1 метр 99 сантиметр. Ал салмағы 115 келі. Бірақ соған қарамастан ол өте епті, қимылы ширақ. Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасында тәртіп сақшыларын жаттықтырады. Тек жауынгерлік күрес тәсілдері мен қару қолдануды ғана үйретпейді, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіреді.   

Алып денелі азамат спортпен кәсіби айналысады, каратэден спорт шеберлігіне үміткер. Қазір ол облыстық полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасында инспектор болып еңбек етеді. Тәртіп сақшыларына жауынгерлік күрес тәсілдерін, қару қолдануды үйретіп жүр. 

"Кішкене қиындау. Бойы кішкентай адамдарға қарағанда әрбір жаттығу қиын беріледі. Бірақ сонда да төзу керек, шыдау керек. Қиындығы негізінен, жарақат аласың. Қолың ұзын болған соң дұрыс құламай қаласың. Жүгірген кезде кішкене аяқ ауырады. Бірақ оның бәрі - спорт. Қатты зақым келтірмейді", - дейді Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы Дәмір Сыздықов.  

Алып денелі азаматтың ішкі істер саласында еңбек етіп келе жатқанына 10 жылдан асыпты. Ең қиыны қызметтік киім табу екен. Үлкен өлшемді бергенімен, үнемі шалбардың балағын ұзартуға тура келеді деп қынжылады. Ал аяғының өлшемі 45, оңай табылатын көрінеді. Дәмірдің екі бірдей дипломы бар, жоғары білімді. Оны өзге полкта еңбек етіп жүрген жерінен басқарма басшылары аттай қалап, шақыртып алған.

"Осының алдында патрульдік полиция полкінің қызметкері болған. Сол жерде қызмет атқарып, дене шынықтыру бойынша, атыс даярлығы бойынша сабақтарға келген кезде өзіміз Дәмірді байқадық. Оның денесі, бойы, өзінің дайындығы, осының алдында ол каратэмен, баскетболмен айналысқан, спорттық дәрежелері бар, кандидат мастер спорта. Сондықтан көзге түскеннен кейін біз оған ұсындық. Ол келісіп, сол жұмыс істеп жатыр", - дейді Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының басшысы Ринат Сүттібаев.        

Дәмір каратэден спорт шебері. Бірақ соңғы жылдары қоян-қолтық ұрыста өзін сынап жүр. Жақында спорттың осы түрінен ішкі істер министрлігінің Кубогі үшін жарыс өтпек. Қарағандыдан 8 адам қатысады деп жоспарланған. Қазір сол сайысқа дайындық басталып кетті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина