Қазақстандағы “ең бай зейнеткер“ қанша алады – БЖЗҚ мәлімдемесі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Қазақстандағы ең жоғары ай сайынғы төлем сомасын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қордың ақпаратына сәйкес, елдегі "ең бай зейнеткер" ай сайын 945 752 теңге алады. Ал БЖЗҚ-дан зейнет жасына байланысты төленетін орташа айлық төлем 33 865 теңгені құрайды. БЖЗҚ мәліметінше, 2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстанда 16,9 миллион зейнетақы шоты бар.


"Зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістер арқылы артады. 2024 жылдың 10 айында салымшылардың шоттарына аударылған зейнетақы жарналары 2,2 триллион теңгеден асты (өткен жылмен салыстырғанда 29,7 пайызға немесе 514,6 миллиард теңгеге өскен)", – делінген қордың хабарламасында.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖМЗЖ ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - шамамен 4,5 млн бірлік.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!