Қазақстандағы “ең бай зейнеткер“ қанша алады?

Қазақстандағы “ең бай зейнеткер“ қанша алады?
Фото: depositphotos.com

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Қазақстандағы ең жоғары ай сайынғы зейнетақы мөлшері 993 040 теңге екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаңтарда бұл көрсеткіш 945 752 теңге болған. Ал зейнет жасына жеткен азаматтарға БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем 35 523 теңге (қаңтарда 33 906 теңге) болған.

БЖЗҚ мәліметінше, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 17,24 миллион зейнетақы шоты бар.

"Қазір қазақстандықтардың зейнетақы активтері 22,64 триллион теңгеге жетті. Кейінгі 12 айда зейнетақы активтері 4,52 триллион теңгеге (немесе 25 пайызға) өсті", – деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget