Қазақстандағы "ең бай зейнеткер" ай сайын қанша алатыны белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы "ең бай зейнеткер" туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист министрден "Қазір 750 мың теңге зейнетақы алатын адам бұрын қанша жалақы алған? деп сұраған.

Министр ең көп зейнетақы иесінің бұрын қанша жалақы алғанын айта алмайтынын айтты.

"Оның 1998 жылдан бері жоғары жалақы алатын лауазымдарда жұмыс істегені рас. Шамасы, ол максимал мөлшерде төлем жасаған. Меніңше, ол конвертпен алмай, әр жалақысынан 10 пайызды тікелей аударып, осындай зейнетақы алып отыр. Бәрінде осындай зейнетақы болсын деп тілеймін", - деді Светлана Жақыпова.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз