Қазақстандағы ең “ақылды“ қала анықталды

Қазақстандағы ең “ақылды“ қала анықталды
Фото: envato.elements.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "ақылды" қала рейтингісін ұсынды. Талдау технологияларды енгізу деңгейі бойынша сараланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Көшбасшылар қатарында - Астана, Алматы және Қарағанды, ал Ақтау көш соңында қалды. 

Рейтингке электрон күнделіктер, дәрігерге онлайн жазылу жүйесі, автобустарды нақты уақытта қадағалау және "109" бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейтін қалалар енген. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларының саны да артып келеді.

Кейбір өңірлерде жасанды интеллект медициналық суреттерді талдап, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға көмектеседі. Алматы мен Қарағандыда ЖИ жолдарды бақылауға қосылған, ЖИ жолдардың жағдайын анықтап, цифрлық карта жасайды.

Қазақстандағы "ақылды" қалалар рейтингі:

  1. Астана
  2. Алматы
  3. Қарағанды
  4. Қостанай
  5. Өскемен
  6. Орал
  7. Қызылорда
  8. Павлодар
  9. Талдықорған
  10. Шымкент
  11. Петропавл
  12. Түркістан
  13. Атырау
  14. Қонаев
  15. Ақтөбе
  16. Көкшетау
  17. Тараз
  18. Семей
  19. Жезқазған
  20. Ақтау

Айта кетейік, мұндай рейтинг 2020 жылы да жасалған болатын. Ол кезде бағалау 11 бағыт пен 80 көрсеткіш бойынша жүргізілген: білім беру, медицина, ТКШ, көлік, экологияны цифрландыру, әкімдік қызметтерін автоматтандыру, "ақылды" есептегіштерді енгізу, стартаптарды дамыту және IT-сервистердің қолжетімділігі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget