- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандағы демалыс орындарының...
Қазақстандағы демалыс орындарының бағасы қанша?
Осы жылы Қазақстандағы демалыс орындарының бағасы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде ақтөбеліктер демалыс орындарының қымбат екенін айтып, қызу талқылап жатыр.
"Адамдар неге Түркия мен Мысырға барып демалуды таңдайтынын түсіндім. Мысырға билетті бірдей бағамен сатып алуға болады және қиындықтар тумайды. Өздері қарсы алады, тамақтары сол бағаның ішіне кіреді. Ал бізде дәл осындай бағамен не сатып алуға болатынын ойлап басыңды қатырасың", - деп жазған желі қолданушылары.
Балқаш
Бұл Қазақстандағы екінші үлкен көл. Тар түбегі мен оның етегінен өтетін Ұзын-Арал бұғазы Балқашты екі бөлікке бөледі. Батыс бөлігінде таяз, суы тұщы, ал шығыс бөлігі тұзды және терең. Қонақүйлер мен санаторийлер демалушылардың қызметінде. Су спортымен (желкен, ескек есу және каноэде есу) айналысуға, балық аулауға мүмкіндік бар.
Балқаш көлінің курорттық аймағына бармас бұрын Алматыға жету керек. Әуе билеттері екі жаққа 115 мың теңге тұрады. Содан кейін Лепсі станциясына пойызға отыру қажет. Бір жақты пойыз билеттерінің бағасы 4000 теңгеден басталады және көлге такси немесе шағын автобуспен ғана жете аласыз.
Балқашқа жетудің екінші жолы, Астана арқылы барып, келу бағасы 90 мың теңге. Содан кейін пойызбен Лепсі станциясына барып, сол жерден пойызға мінесіз, билеттерінің бағасы 6000 теңгеден басталады. Әрі қарай Балқаш көліне такси немесе шағын автобуспен барасыз. Демалыс аймақтарында, пәтерлер мен қонақүйлерде бір күннің құны 8-30 мың теңге аралығында. Негізінде, қонақүйлердегі тамақ ақылы, бірақ әртүрлі сайттардағы шолуларға қарағанда, бұл өте қымбат емес, сондықтан тамаққа қосымша 50 мың теңге жинап барғаныңыз дұрыс болады. Су спорты сияқты көптеген ойын-сауық түрлері ақылы, сондықтан тағы 20 мың теңге қосыңыз. Соңында бір адамға демалу Алматы арқылы 315 мың теңгеге, Астана арқылы 290 мың теңгеге түседі.
Қапшағай
Қапшағай - Алматы облысының тұрғындары мен барша қазақстандықтардың танымал демалыс орны. Су қоймасының жағалауында жекеменшік демалыс орындары бар. Мұнда жоғары деңгейлі қонақүйлер, пансионаттар, ұлттық нақыштағы демалыс орталықтары бар.
Қапшағай шипажайы Алматы облысында орналасқан, сондықтан Алматыға жетіп алу керек. Әуе билеттері екі жаққа 115 мың теңге тұрады. Алматыдан курорттық орталыққа дейін 75 шақырым. Алматыдан пойызға билет сатып алуға, кәдімгі автобусқа немесе таксиге отыруға болады. Қапшағайға пойызбен жету үшін билет сатып алу керек. Билет құны пойыздың түріне, вагонға және қызмет көрсету класына байланысты 600 теңгеден 4 мың теңгеге дейін. Қапшағайда бір апта тұру 90-300 мың теңге аралығында болады. Қонақүйлердің көпшілігінің бөлмелерінде ас үйлері бар, бірақ барлық тағамдар бөлменің бағасына кірмейді. Қапшағайда бір адамның апталық демалысы орташа есеппен 280 мың теңге болады.
Мойылды көлі
Павлодардан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жердегі табиғи балшықтың ерекше емдік қасиеттерімен әйгілі - Мойылды көлі. Балшықтың минералды құрамы әлі толық зерттелмеген, бірақ олар тері және буын ауруларын емдеуде пайдалы әсерін береді. Мұндағы курорттық аймақ сонау 1922 жылы ұйымдастырылған.
Ақтөбеден Павлодарға тікелей рейс болмағандықтан, Астана арқылы ұшуға тура келеді. Елордаға билет 40 мың теңге тұрады. Бір қызығы, Астана-Павлодар рейсінің билеттерін 10 мың теңгеден табуға болады және олардың саны өте көп. Павлодардан шипажайға дейінгі қашықтық 17 шақырым. Шипажайға №66 тұрақты автобус қатынайды, жол жүру уақыты 1 сағат, жол жүру ақысы 80 теңге. Шипажайға таксимен де жетуге болады. Яндекс қосымшасында бағасы 2 мың теңгеден басталады. Шипажайда тұру бағасы күніне 9 мың теңгеден бастап, орташа алғанда, бір апта тұру 65-120 мың теңге болады. Жалпы, емдеу шипажайына бару қосымша шығынды есептемегенде 180 мың теңге.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Алғабек