Қазақстандағы әрбір үшінші пәтер ипотекаға алынған болып шықты

Қазақстандағы әрбір үшінші пәтер ипотекаға алынған болып шықты
Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы әрбір үшінші пәтер ипотекаға сатып алынған болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі krisha.kz деректеріне сілтеме жасап.

Ақпанда бүкіл ел бойынша жасалған 30500 мәміленің 10400-і несиеге рәсімделген. Былтыр әрбір төртінші пәтер немесе үй ғана ипотекаға сатылған болатын.

  • Ақпанда қанша ипотека рәсімделген?

Бірінші кредиттік бюро мәліметтері бойынша ақпанда ипотекалық несие саны күрт өскен, өткен аймен салыстырғанда бірден 19 пайызға өскен.

Krisha.kz сарапшыларының пікірінше, өсім тұрғын үй салымдары бойынша мемлекеттік сыйақыны берілуіне байланысты болуы мүмкін. Отбасы банк өкілдері ақпанда 5700 қарыз берілгенін, бұл қаңтарға қарағанда 21 пайызға артық екенін айтқан.

Салымшылар салым бойынша мемлекеттік сыйақыны күтіп, содан кейін несие рәсімдеуді ұйғарған болуы мүмкін. Сонымен қатар, 15 ақпаннан бастап банкте депозиттерге қойылатын талап күшейді. Енді қарыз алу үшін депозиттегі ақша онда кемінде 6 ай сақталуы керек.

  • Қазақстанда қанша адамда ипотека бар?

Ақпанда 10 мыңнан аса қазақстандық тұрғын үйді несиеге сатып алған. Кейбір қарыз алушылар ақпанда тұрғын үй бойынша тіпті бірнеше қарыз алған.

  • Қазақстандықтар банктерге қанша қарыз?

Ақпандағы жағдай бойынша ипотеканың жалпы сомасы 167.2 миллиард теңгеден асады. Орташа сома - 16 миллион теңге.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова