Қазақстанда зейнетақының орташа көлемі қысқарды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz

Еңбек министрлігі мәліметінше, 2022 жылдың 7 айында қазақстандықтарға 1,7 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген. 2022 жылғы шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлеміне 243,3 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға 73,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 169,4 миллиард теңге жұмсалған.

"2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 миллион 247 мың адам. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 156 теңге болды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, шілдеде базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда, зейнетақы төлемінің орташа мөлшері 117 469 теңге болған еді.