Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері төмендеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілі зейнетақы төлемінің орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, биылғы 10 айда қазақстандықтарға 2,4 триллион теңгеден аса сомаға зейнетақы төленген. 2022 жылғы қазанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,1 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 74,6 миллиард теңге, ал ынтымақты зейнетақы төлеуге 170,5 миллиард теңге бөлінген. 

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 миллион 268 мың адам. Ал зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 993 теңге болған.

"2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілді ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады", - делінген ведомство хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!