Қазақстанда зейнетақы төлемі есебінен емделуге өтініш қабылдау тоқтатылды. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
12 қаңтарда сағат 19.00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында бірыңғай зейнетақы жинағы есебінен емделуге өтініш қабылдау тоқтатылды.
"Отбасы банк Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, бірыңғай зейнетақы жинағы есебінен медициналық қызметті алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды", - деп жазылған хабарламада.
Қайта өтініш қабылдау қашан басталатыны қосымша хабарланбақ.
Еске салайық, бұған дейін зейнетақы жинағын алуға қатысты бірнеше тыйым салынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова