Қазақстанда келесі жылдан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер индекстеледі. Бұл туралы Құрылтайда өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Серік Жұманғарин осы төлем түрлерін индекстеуге қосымша 739 миллиард теңге қарастырылғанын айтты. Бұл соманың басым бөлігі зейнетақыға арналған.
"Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды индекстеу міндетті", - деді министр.
Еске салайық, бұған дейін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақыны 8,5 пайызға арттыру жоспарланып отырғаны хабарланды. Осылайша, ең төменгі жиынтық зейнетақы 113 541 теңге болуы мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова