Қазақстанда зейнетақы жинағының көлемі тарихи максимумға жетті

Қазақстанда зейнетақы жинағының көлемі тарихи максимумға жетті
Фото: www.enpf.kz

Қазақстанда зейнетақы жинағының өсу қарқыны 2008 жылғы дағдарысқа дейінгі деңгейге жетті, − деп хабарлайды Ranking.kz.

2013 жылы зейнетақы жинағының өсуі 20 пайыздан 18-ге дейін түсті. Дегенмен 2014 жылы ол қайтадан 2 пайызға өсті. Ал биыл зейнетақы жиғаны 25 пайызға дейін өсті. Осылайша ҚР зейнетақы жинағының көлемі 5,4 триллион теңге болып, тарихи максимумға жетті.

Осы дерекке сәйкес, зейнетақы жинағының өсуіне инвестициялық кіріс себеп болып отыр. Зейнетақы активтерін инвестициялаудан келетін кіріс 2010-2013 жылдардағы төмендеуден кейін қайта көтеріліп, жылдық есеп бойынша 55 пайызға жетті. Сонымен қатар девальвациялық және инфляциялық қысымның артқанына қарамастан, зейнетақы жинағының өсу қарқыны сақталып отыр.

Зейнетақы активтері мен міндеттемелерін БЖЗҚ-ға беру 2013 жылдың қазанында басталып, 2014 жылдың наурызында сәтті аяқталды. Зейнетақы заңнамасына сәйкес, "БЖЗҚ" акционерлік қоғамына міндетті зейнетақы салымы, зейнетақы активтерінің есебі мен инвестициялық портфель берілді. 

Дереккөз:  tengrinews

С. Ерсін