- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда запастағы офицерлерді...
Қазақстанда запастағы офицерлерді әскери қызметке шақырады
Фото:
Tengrinews.kz
Үкімет қаулысының жобасы 6 желтоқсанға дейін "Ашық НҚА" порталында орналастырылды. Құжатқа сәйкес, запастағы офицерлер екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Заңда белгіленген тәртіппен 2024 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын, саны осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін", - делінген қаулылардың жобасында.
Құжат бойынша 752 офицер әскери қызметке тартылады:
- Қарулы күштер – 600;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80;
- Ұлттық ұлан – 42;
- Төтенше жағдайлар министрлігі – 30.
Жобаны 6 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға түседі. Көрсетілген қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан