Қазақстанда заңсыз айналымнан 114 келі есірткі тәркіленді

Қазақстанда заңсыз айналымнан 114 келі есірткі тәркіленді
Фото: depositphotos.com

Заңсыз айналымнан 114 кг есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құқық қорғау органдарының каннабис тобындағы есірткіге деген мұндай назары жалпы ауданы 63 мың гектар Шу алқабымен ғана байланысты емес. Қазіргі уақытта басқа да оңтүстік облыстарда криминалитет өкілдері өнеркәсіптік ауқымда үнді қарасорасын өсіруге тырысуда. Мұндай қарасора болашақта іргелес мемлекеттерге тасымалдануы мүмкін. Сондықтан ұшу аппараттарының көмегімен де, жаяу патрульдердің көмегімен де шалғайдағы аумақтарға барлау жүргізіп жатырмыз", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Қажығали Имажанов.

"Қарасора" жедел-профилактикалық шарасын өткізудің 10 күнінде республика аумағында 45 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 8 есірткі өткізу фактісі, 9 аса ірі мөлшерде сақтау фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруді ұйымдастырудың 18 жағдайы, 9 контрабанда фактісі және есірткіні заңсыз насихаттаудың бір фактісі бар.

Заңсыз айналымнан 114 келі есірткі тәркіленді. Оның 6 келіден астамы синтетика. Жақында ғана Жетісу облысында 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның жазғы ас үйінде диванның астынан қызметтік ит бес пакет гашиш тапты.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4,5 келі. Петропавлда автокөлікті жоспарлы тексеру кезінде қала тұрғыны ұсталды, оның көлігінде 2 келіден астам гашиш пен травматикалық тапанша тәркіленді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина