Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады. Бұл туралы Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
"Сөз Қазақстан Республикасының вице-президенті институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы болып отыр. Вице-президентті Парламенттің келісімімен қарапайым көпшілік дауыспен Президент тағайындайды. Оның өкілеттігін Мемлекет басшысының өзі айқындайды", - деді Тоқаев.
Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша:
- халықаралық форумдарда және шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін көрсетеді;
- Парламентте Президенттің мүддесін танытады;
- отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
- Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайды.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда, 2025 жылы Бурабайда өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова