- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Валюталық операциялар
Қазақстанда валюталық операцияларды бақылаудың жаңа ережелері енгізіледі
Қазақстанның Ұлттық банкі валюталық нарықтағы спекуляциялардың алдын алу мақсатында шетелдік резиденттердің банктік операцияларына бақылауды күшейтуді көздейтін қаулылар жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, енгізілетін өзгерістердің мақсаты - банктердің клиенттерінің валюталық операциялары туралы есептерді уақытылы ұсынуын қамтамасыз ету, валюталық нарықтағы жағдай туралы ағымдағы ақпарат алу және қажет болған жағдайда жедел шаралар қабылдау.
Бұған дейін есептерді ұсыну мерзімі ай сайын келесі айдың 15-іне дейін белгіленген еді. Енді есептерді келесі айдың бесінші жұмыс күніне дейін ұсыну ұсынылып отыр. Сонымен қатар банктердің есептілігін түзету мерзімі бір айдан үш күнге дейін қысқартылуы ұсынылады.
Шетел резиденттеріне қатысты өзгерістер
Шетелдік резиденттердің конверсиялық операцияларына қатысты бақылауды күшейту де ұсынылды. Бұл шараның мақсаты - шетелдік валютаны спекулятивтік сұраныстан қорғау және шетелдік резиденттер қатысатын схемалар арқылы Қазақстанның валюталық заңнамасын айналып өтуге жол бермеу.
Айта кету керек, экономикалық тұрғыдан негізделген көздерден (мысалы, резиденттерге тауарлар мен қызметтер сату немесе Қазақстанда дивидендтер алу) алынған теңгеге айырбасталатын шетел валютасы бойынша шетелдік резиденттердің операциялары стандартты режимде жүзеге асырылатын болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Бақдаулет