- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда үй жануарлары...
Қазақстанда үй жануарлары үшін салық енгізіле ме? ҰЭМ жауап берді
Қазақстанда үй жануарларына салық салынуы мүмкін бе? Ұлттық экономика министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 қыркүйектен бастап Қазақстанда мысықтар мен иттердің иелері үй жануарларына чип немесе ен салуға міндеттеледі. Осыған байланысты үй жануарын асырағанды жақсы көретін тұрғындар, жануарлары үшін салық төлеуге міндеттеледі деп болжай бастады.
Tengrinews.kz қазақстандықтардың мұндай болжамдары қаншалықты дұрыс екенін және Қазақстанда үй жануарларына салық салынуы мүмкін бе, нақтылауды ұйғарған.
"Мұндай салықты енгізу жоспарда жоқ, мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ", - деп жауап берді Ұлттық экономика министрлігі.
Бұл ретте, бұған дейін Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстанда үй жануарларына салық енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығарған жоқ.
Сонымен қатар, ведомство чип немесе ен салынбаған жануарларды анықтау үшін арнайы үйлерді аралайтын учаскелік инспекторлар бекітілетінін айтты. Үй жануарын тіркеуден бас тартқаны немесе есепке алу нормаларын бұзғаны үшін қазақстандықтарға айыппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері - 10 АЕК (34 500 теңге), ережебұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда - 20 АЕК (69 000 теңге).
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан