Қазақстанда үш судья жазаланды

Жоғарғы сот кеңесі жанындағы Сот жюриі жеті судьяға қатысты тәртіптік істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отырыста заңды өрескел бұзған үш судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бір судья сөгіс алды, екеуі қызметінен босатылды.

"4 судьяға қатысты: оның ішінде тәртіптік теріс қылықтың болмауына байланысты - 1, жауапқа тарту мерзімінің өтуіне байланысты - 1, судьяның өз өтініші бойынша қызметінен босатылуына байланысты - 2 іс тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бір судьяның бұрын қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы өтініші қанағаттандырылмады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз