Қазақстанда ұн қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда ұн қымбаттауы мүмкін
Фото: elements.envato.com

Шілдеде ұн қымбаттауы мүмкін, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

Телеарна мәліметінше, астық өңдеушілер одағының президенті Әлихан Талғатбек ұнның тоннасы 250 мың теңгеге дейін өсуі ықтимал екенін, ақпанда тоннасы 120 мың теңгеден алынған астық қоры таусылғанын айтқан. 

"Ресей ұн экспортына шектеу енгізгендіктен, соңғы бірнеше айда қазақстандық диірмендердің 80 пайызының жұмысы тоқтатайды. Салдарынан Тәжікстан мен Өзбекстан нарығын жоғалттық. Бұл мемлекеттерге жіберілетін ұн экспортының көлемі қысқарды. Аталмыш нарықты ресейлік кәсіпорындар жаулап алды. Өйткені баға жағынан біз бәсекелесе алмаймыз", - дейді одақ президенті Әлихан Талғатбек.

Сондай-ақ, биыл ақпан-маусым аралығында ұнның тоннасы 160 мың теңгеден 220 мыңға дейін өскен. Бұл бұрынғы бағадан 37,5 пайызға жоғары. 

"Шілдеде біз ұнның бағасын тағы өсіруге мәжбүрміз. Өйткені астықтың тоннасы 170 мың теңгеге дейін жетті. Сондықтан ұнның тоннасын 220 мыңнан 250 мың теңгеге дейін көтереміз. Баға шамамен 2 пайызға өседі. Тізбектей келе бұл ұн өнімдерінің қымбаттауына әкеледі", - дейді ол.

Г. Досымшалова