Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалды?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалды?
Фото: depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалғанын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 80 932 ардагер тұрады, оның ішінде:

  • Ұлы Отан соғысының 96 ардагері;
  • Жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 630 ардагер;
  • Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының 26 580 ардагері;
  • ҰОС жылдарындағы 37 626 тыл ардагері.

Жыл басынан бері бұл санаттардағы азаматтарға 8,5 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленген. Жалпы 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.

Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санатына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алғанына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:

1) ҰОС ардагерлері - 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);

2) жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:

- ҰОС кезеңінде жарақат алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар - 7,55 АЕК (2025 жылы – 29 687 теңге);

- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар - 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);

3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:

- Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар - 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);

- Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер - 4,8 АЕК (2025 жылы – 18 874 теңге);

4) ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері - 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget