Қазақстанда Ұлттық кітап күні белгіленді

Қазақстанда Ұлттық кітап күні белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

23 сәуір - Ұлттық кітап күні. Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке "23 сәуір - Ұлттық кітап күні" бекітілді.

Бұл мереке Мемлекет басшысының қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.

"Кітапқұмарлық - жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз", – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!