Қазақстанда уақыт белдеуі ауысқан күні қанша сәби дүниеге келді?

Қазақстанда уақыт белдеуі ауысқан күні қанша сәби дүниеге келді?
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

29 ақпанда сағат он екіге (00.00) дейін Қазақстанда 803 сәби дүниеге келді, оның екеуі – егіз, 392-і – ұл және 411-і – қыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

"Тәуліктік туу бойынша ерекше көшбасшы Түркістан облысы болды, онда 118 бала дүниеге келді, содан кейін Алматы қаласы – 81 нәресте және республиканың астанасында 79 сәби өмір есігін ашты. 2024 жылғы қыстың ең ұзақ соңғы күнінде туған сәбилерді құттықтаймыз, оларға зор денсаулық және бақытты болашақ тілейміз!", - делінген ведомстоның хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан