Қазақстанда тұз қымбаттаған

Қазақстанда тұз қымбаттаған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір аптада тұз 2,4 пайызға қымбаттаған. 

Ал жыл басынан бері тұз 4,3 пайызға қымбаттаған. 

Тұз көбіне Алматы мен Ақтөбеде – 13,8 және 12,5 пайызға қымбаттаған. Бұл бір аптадағы көрсеткіш. 

Сонымен қатар тұз Талдықорғанда – (3,7 пайыз), Көкшетауда және Астанада қымбаттаған. 

Қалған өңірлерде тұздың орташа бағасы айтарлықтай өзгермеген. 

Ал Қонаев қаласында, керісінше, тұз бір аптада 1,2 пайызға арзандаған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!