Қазақстанда туу көрсеткіші төмендейді деген болжам жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Найля Мұхтарова мәлімдеді.
"Бүгінгі таңда Қазақстанда туу көрсеткіші жоғары деңгейде. Жылына 450 мыңнан астам бала дүниеге келіп жатыр. Алайда, ғылым демографиялық болжамдарға сәйкес 90-шы жылдары демографиялық шұңқыр кезінде дүниеге келген азаматтар бүгінгі күні продуктивті (нәресте әкеліп жатыр) кезеңде. Алайда олар сан жағынан аз", - деді Найля Мұхтарова.
Оның айтуынша, бұл тек теориялық болжам емес, арнайы әдістеме арқылы жасалған.
Олжас Адай
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!