Қазақстанда бірыңғай тұтас сызықты кесіп өту бойынша жауапкершілік күшейтілді. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінде өткен брифингте жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Болат Жаңабаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, енді екі жақты жолдарда тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады.
"Тұтас сызықты кесіп өту жауапкершілігі өзгертілді, енді екі жақты жолдарда тұтас бір сызықты кесіп өткеніңіз үшін жүргізуші куәлігінен айырыласыз", - деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары.
Жаңабаев ауылдағы автобустар сағатына 50 шақырымға дейін жылдамдықпен жүретінін айтты.
"Бөлек автобус жолағында М3 санатындағы көліктер жүре алады, оларға жүргізуші орнынан басқа жолаушыларға арналған сегізден астам орындығы бар автобустар кіреді. Көліктің жалпы салмағы бес тоннадан артық болуы керек. Сонымен қатар, үшінші топтағы мүгедектер көліктерін арнайы бөлінген тұрақтарға қойып, сәйкестендіру белгісін пайдалана алады. Сондай-ақ, көлік қоюға тыйым салынған орындарға тоқтауға", - деді ол.
Өзгерістер 2024 жылдың 6 мамырында күшіне енеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!